Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иранның зымыраны түскен Дубайдағы ғимаратта қазақтардың 97 пәтері бар

Фото: metropolitan.realestate

Әлеуметтік желіде журналист Манас Қайыртай Дубайдағы Fairmont The Palm резиденциясына зымыран түскені туралы жазба жариялады. Оның мәліметінше, аталған тұрғын үй кешенінен қазақстандықтар 97 пәтер сатып алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жазба авторы Иран АҚШ пен Израильдің шабуылына қарымта соққы жасау мақсатында Парсы шығанағындағы америкалық әскери базаларға зымырандар мен дрондар ұшырғанын айтады. 

"Дубайдан үй алғандар әжептәуір алаңдап қалған шығар. Ал мына кісілер ондай көңіл-күйді бастан кешірді ме, сол жақта тұрып жатты ма, оны білмедім.  Аты бірден көзге түскен ғимараттағы қазақтарды C4ADS базасынан бір түгендеп қойдым", – деп жазды Манас Қайыртай.

Сол соққылардың бірі Дубай аумағындағы Fairmont The Palm резиденциясына тиген. Бір бөлігі қонақ үй, тағы екі ғимараты тұрғын үй. C4ADS ұйымының 2022 жылғы дерегі бойынша бұл резиденциядан қазақстандықтар 97 пәтер алған. Олардың кейбірі бұрын билікте лауазымды қызмет атқарғандардың туыстары екен.

Дубайдағы Fairmont The Palm резиденциясынан үй алған қазақтардың бір бөлігі:

  • Бағда Баталова (экс-әкім Амандық Баталовтың әйелі)
  • Мирас Мами (Жоғарғы соттың бұрынғы төрағасы Қайрат Мәмидің ұлы)
  • Лейла Адайбекова (Берік Имашевтің әйелі)
  • Әлжан Имашев (Берік Имашевтің ұлы)
  • Жанар Сейдвалиева (Қайрат Шәріпбаевтың бұрынғы әйелі)
  • Қорлан Шәріпбаева (Қайрат Шәріпбаевтың қызы)
  • Өркен Есей (Ахметжан Есімовтың күйеу баласы)
  • Алена Шенесары (Гүлжан Қарағұсованың келіні)
  • Қайсын Жұмағалиева (Асқар Жұмағалиевтің анасы)
  • Сержан Дүйсебаев (Қазақстанның ЕЭО-дағы өкілі)
  • Руслан Ақбердиев (Президенттің күзет қызметінің бұрынғы қызметкері)
  • Ғабдулхәкім Жашыбеков (Президент әкімшілігінде істеген генерал)
  • Николай Родостовец (Экс-министр)
  • Ардақ Зиябек (Экс-вице-министр Берік Толымбаевтың ұлы)


Еске салайық, бұған дейін 2022 жылы Қайрат Сатыбалды қаржы жымқыру ісі бойынша 6 жылға сотталып, кейін жазасы бостандығын шектеуге ауыстырылды. Сот шешімімен оған тиесілі ірі активтер мемлекет пайдасына тәркіленді. Ол жалпы құны 732,8 млрд теңге болатын мүлікті мемлекетке қайтарды. Қазір Қазақстанда және шетелде тәркіленген активтер сатылып, түскен қаражат бюджетке аударылып жатыр.

STAN.KZ
Сейсенбі, 03 Наурыз, 2026 12:28