Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иранның сақшылар корпусы Израильдің әуе кеңістігін толық бақылауға алды – БАҚ

Фото: AFP or licensors

Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) сәрсенбіге қараған түні жасалған ракеталық шабуылдан кейін Иран Израильдің әуе кеңістігін толық бақылауға алды деп мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі IRNA мемлекеттік порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы өздерінің шабуылына қарсы Израильдің мүлдем қорғансыз деп айтты.

"Бүгінгі ракеталық шабуыл бізге басып алынған аумақтардың аспанын толық бақылауға алғанымызды және оның тұрғындарының иран зымыраны шабуылдарына қарсы мүлдем қорғансыз екенін көрсетті", – делінген мәлімдемеде.

Айта кетейік, 13 маусымға қараған түні Израиль Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) "Күншығыс Арыстаны" атты ауқымды әскери операциясын бастады. Израильдің әскери-әуе күштері Иранның әскери нысандарына және ядролық бағдарламасына соққы берді. Тель-Авив бұл операцияны мемлекеттің өміріне төнген қауіптің алдын алу үшін қолға алынғанын мәлімдеді.

Шабуылдан соң Иранның қарулы күштерінің бас штабының бастығы, КСИР қолбасшысы және бірнеше ядролық ғалым қаза тапты. Сонымен қатар Натанз, Фордо және Исфахан қалаларындағы ядролық нысандар мен елдің солтүстік-батысындағы армия орналасқан аймақтар да соққыға ұшырады. Жауап ретінде Иран "Шынайы уәде – 3" операциясын бастап, қарсы тараптың әскери нысандарына шабуыл жасады.

Израиль және Иран ақпарат құралдары екі тараптан ондаған адамның қаза тауып, жүздеген адамның жараланғанын хабарлады. Қақтығыс тараптары күн сайын бірнеше рет бір-біріне соққы беріп жатыр.

Ресей ЦАХАЛ шабуылдарын қатаң айыптап, оларды "мүлдем жол беруге болмайтын әрекет" деп атады.


Украинадан келген отбасы Израильде ракета шабуылынан қаза тапты


Израиль премьер-министрі Иранның рухани көсемі Хаменеиді өлтіруден тайынбайтынын айтты


Еске салайық, бұған дейін Израильдің Бат-Ям қаласына Иран жасаған ракета шабуылы кезінде бес украиналықтың қаза тапқаны хабарланған еді. Бұл шабуыл 15 маусымға қараған түні болды. Ирандық "Хайбар" атты ракета көпқабатты тұрғын үйді дерлік толығымен қиратты. Бұл ракета 2000 шақырымға дейін ұша алады және 1,5 тонна салмақтағы жауынгерлік бөлікті алып жүреді. Оны түрлі платформалардан, соның ішінде сүңгуір қайықтардан да ұшыруға болады.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 18 Маусым, 2025 11:01
Талқылау