Ирандық қазақ қызы отандастарының орыс тілінде сөйлейтінін көріп көз жасына ерік берді
Фото: Видеодан скрин
Ираннан Қазақстанға келген қазақ қызы Travel блогер Темірлан Мұқашевқа берген сқхбатында отандастарының күнделікті өмірде орыс тілінде сөйлейтінін көріп қапаланғнын айтып, жылап қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Темірлан Мұқашев желідегі парақшасында қазақ қызымен болған әңгімені жариялады. Ол Ираннан таппаған өзіне ыстық дүниені Қазақстанда сезінемін деп үміттенген. Алайда күнделікті өмірде қазақстандықтардың көпшілігі өзіне түсініктісі орыс тілінде сөйлейтінін көріп, қапаланып қалған.
“Иранда парсылардың арасында өзімді бөтен сезінемін, жатсынамын. Қазақстанға келгенде бұл сезімнан арыламын деп үміттендім. Алайда мұндағы орыс тіліне байланысты өзімді толыққанды қазақ ретінде сезіне алмадым", — деді ол көзіне жас алып.
Сондай-ақ бойжеткен Қазақстанда дүниеге келмегеніне өкінетінін жеткізді.
Жарияланған видео әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті. Желі қолданушылары мемлекеттік тілдің рөлі, ұлттық өзін-өзі тану және репатрианттарды қолдау мәселелері туралы пікір алмасып жатты.

Қазақстандық баласына беделді мектепке оқуға түс деп қысым жасаған: Соңында жасөспірім өзіне қол жұмсамақ болған
