28 жастағы азамат 9 жасар қызға үйленді
Иранда журналистер таңғаларлық үйлену тойының видеосына назар аударды. 28 жастағы ер адам 9 жасар қызға үйленді.

Видео желіге тез тараған уақытта ел билігі қоғамның қысымымен некені бұзуды талап етті. Бұл туралы өзінің Twitter-дегі парақшасында журналист Бабак Тагвай жазды.
Сондай-ақ, журналист ер адамның кім екенін анықтады. Оның айтуынша, қыздың күйеуі Милад Чешани, ол Басидж милициясының балуаны, Ислам Революциялық сақшылар корпусының мүшесі. Чешанның исламдық аймақтық сотта үйленуге рұқсат алғандығы айтылды.
Айта кетейік, Иранда заңға сәйкес, қыз 13 жастан, ер адам 15 жастан бастап үйлене алады. 2002 жылға дейін Иранда тоғыз жасар қыздарға үйленуге рұқсат етілген.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі