Ирандағы жаппай наразылықтар: көтерілісшілерге қатысты ашық сот процестері өтеді
Иран билігі жаппай наразылықтарға байланысты 1000 адамның үстінен ашық сот өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Arab News сайтына сілтеме жасап.
Иранның сот билігі халықаралық алаңдаушылықтың күшеюіне байланысты тек Тегерандағы көтерілістен ұсталған мың адамның және астананың сыртындағы мың адамның сот ісін ашық өткізетінін хабарлады. Күдіктілерге "бүлік салу", соның ішінде кісі өлтіру және өртеу сияқты айыптар тағылуда.
Билік өкілдері қанша адамның қамауға алынғанын айтпады. Ал құқық қорғаушылардың мәліметінше, 14 мың адам тұтқындалған.
Иранның адам құқықтарын қорғаушылар ақпарат агенттігі де (HRANA) шерулерді басып-жаншу кезінде қауіпсіздік күштерінің қолынан 284 адам, соның ішінде 45 бала қаза тапқанын хабарлады. 35 қауіпсіздік қызметкерінің де мерт болғаны атап өтілді.
Еске салайық, Иранда жалпыұлттық наразылықтар хиджабты дұрыс кимегені үшін қамауға алынған 22 жастағы күрд қызы Махсы Аминидің өліміне байланысты басталған.
Осы уақытқа дейін елде наразылық шерулері басылған жоқ, ол бірнеше қаланы, соның ішінде ел астанасы Тегеранды да шарпыған.