Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ирандағы жағдайдың ушығуына байланысты елімізден Таяу Шығысқа баратын рейстер тоқтатылды

Іс-шараға кешіккен шоумен мен диджей Air Astana-дан 2 миилион теңге өндірді

Фото: Air Astana

28 ақпанда Иран әуе кеңістігінің жабылуына және аймақтағы тұрақсыз жағдайға байланысты Таяу Шығысқа ұшатын рейстерге өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ұшу әуежайларына оралатын рейстер:

  • KC263 Алматы - Медина,
  • KC897 Алматы - Дубай,
  • KC653 Алматы - Доха,
  • KC205 және KC207 Астана - Дубай рейстері.

KC899 Алматы - Дубай Делиге бағыт алды.

FlyArystan FS7617 Ақтау-Дубай рейсі балама әуежайға бағыт алды.

28 ақпаннан бастап Таяу Шығысқа ұшатын қалған рейстер тоқтатылды.

Air Astana жолаушылардан баратын әуежайларда ұшу және келу уақыттарының өзгеруі күтілетіндіктен, рейстерінің мәртебесін тексеруді сұрайды.

Джидда, Медина және Дубайға билеттерді 6 наурызға дейін сатып алу орнында қайта брондап, ақшасын тегін қайтаруға болады.

Бір күн бұрын сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға жағдай тұрақтанғанша Иранға барудан уақытша бас тартуды ұсынған еді. 

Қырмызы Скендирова
Сенбі, 28 Ақпан, 2026 14:06