"Ирандағы наразылық": Әлемнің әр бұрышындағы әйелдер қолдау көрсету үшін шаштарын кесіп жатыр
Наразылық акцияларын өткізіп жатқан ирандық әйелдерге қолдау көрсету мақсатында әлемнің түкпір-түкпірінде әйелдер шаштарын кесіп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әйелдердің наразылығына Ислам республикасының әйелдерге арналған қатаң киім үлгісін бұзды деген айыппен ұстаған 22 жастағы Махса Аминидің өлімі себеп болды.
Иран режимі әйелдердің шаштарын толығымен жауып тұратын хиджаб киюін талап етеді.
Оның жерлеу рәсімінен кейін әйелдер наразылыққа шыққан. Ирандағы әйелдерді қолдау үшін Түркия, Ливан, Лондон және Францияда наразылық акциялары өтіп, әйелдердің ынтымақтасу үшін шаштарын кескен.
Мұндай видеолар әлеуметтік желіде кең таралып, әйелдер қауымы тарапынан қолдауға ие болуда.
25 мың теңгелік автотұрақ: Көк Төбеде туристер есебінен кім табыс тауып отыр?
Парктің әкімшілік басшысы Фархат Уәлиев парк жұмысына қатысты сын негізсіз екенін айтады
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"