Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ирандағы "қышқыл жаңбыр" Қазақстанға жетуі мүмкін бе – Экология министрі жауап берді

Фото: freepik.com

Экология және табиғи ресурстар министрі Иран аумағынан жетуі мүмкін деген “қышқыл жаңбыр” туралы ақпаратқа пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министр Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, мамандар мұндай қауіп бар деген пікірмен келіспейді.

“Қазгидрометтің мәліметінше, бұл мүлде шындыққа жанаспайтын ақпарат. Қышқыл жаңбырлар күкірт пен азот оксидтерінен пайда болады. Бұл бөлшектер әдетте алыс қашықтыққа таралмайды. Сондықтан өзбекстандық әріптестеріміз де растағандай, Орталық Азияда қышқыл жаңбыр жауу қаупі жоқ”, – деді Нысанбаев.

Министрдің сөзінше, бұл тұрғыда Қазақстан қауіпсіз аймақта орналасқан. 

“Синоптиктердің мәліметінше, алдағы апталарда желдің бағыты оңтүстік-батыс болады. Бұл да мұндай қауіптің жоқ екенін көрсетеді”, – деді министр. 

Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстандық және өзбекстандық БАҚ-да Ирандағы шабуылдар салдарынан пайда болған “уытты түтін” мен “қышқыл жаңбыр” Орталық Азияға жетуі мүмкін деген ақпарат тараған еді. 

Нұрила Жұмаділлә
Сәрсенбі, 11 Наурыз, 2026 17:39