Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иранда жаңа жоғарғы көшбасшы тағайындалды

Иранда жаңа жоғарғы көшбасшы тағайындалдыФото: Tasnim News Agency

Сарапшылар кеңесі Моджтаба Хаменеиді Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы етіп тағайындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Fars-қа сілтеме жасап хабарлайды. 

Жаңа жоңарғы көшбасшы туралы жазбаны агенттік өзінің Telegram арнасында мәлім етті.

“Көшбасшылық жөніндегі Сарапшылар кеңесі көпшілік дауыспен аятолла Хадж Сейед Моджтаба Хаменеиді Иран Ислам Республикасының үшінші көшбасшысы етіп тағайындады”, – делінген хабарламада.

Заң бойынша жаңа Жоғарғы көшбасшы ер адам, дін қызметкері болуы керек. Сонымен қатар оның саяси тәжірибесі, жоғары моральдық беделі және Ислам Республикасына адалдығы болуы тиіс. Жаңа көшбасшыны тағайындағанда қаза тапқан көшбасшының кеңесі ескерілді: “Ел басшысын жаулары мақтаумауы керек, керісінше одан қорқып, жек көруі тиіс”.



Айта кетейік, бұған дейін Ислам революциясы сақшылары корпусы (КСИР) елдің Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи өлтірілген соң “Иран қарулы күштері тарихындағы ең жойқын шабуыл операциясын” бастауға уәде берген еді. Ел үкіметі 40 күндік жалпыұлттық аза тұту жариялап, 7 күнді демалыс күндері деп белгіледі.

Ирандық БАҚ-тың хабарлауынша, Хаменеи қаза тапқан соң ел қалаларының орталық алаңдарына мыңдаған адам жиналып, кек қайтаруды талап етіп жатыр. Сонымен қатар елде жаппай аза тұту шаралары өтіп, мешіттерде қаралы тулар көтерілген.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 09 Наурыз, 2026 07:59