Иранда мұнайшы-миллиардер өлім жазасына кесілді
Ираннда мұнай магнаты Бабак Занджаниға өлім жазасын тағайындау шешімі күшіне енді.
Иранның ең бай адамдарының бірі екі миллиард еуроны талан-таражға салды деп айыпталуда. Қазір олигарх Тегерандағы «Эфин» түрмесінде. Сот шешіміне сәйкес, ол дарға асылатын болады.
Миллиардер 2013 жылдың 30 желтоқсанында елге мұнайдан түскен табыстың екі миллиард еуросын жымқырды деген айыппен ұсталды. Үш жылдан кейін магнатты қазынаны тонады және алаяқтық жасады деп таныды.
Бабак Занджани Біріккен Араб Әмірлігінде орналасқан Иранның ең ірі конгломераттарының бірі Sorinet Group компаниясының басқарушы директоры қызметін атқарды. Одан бөлек Qeshm Airlines авиакомпаниясын және Рах Ахан ирандық футбол клубын басқарды. 42 жастағы Бабак Занджани байлығы 14 млр.долларға бағалануда.
Жіберіп алмаңыз:
Ұйықтап жатқан курстас қызын зорлап тастаған студент жігітті түрмеге жапты