Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иранда бір жылда өлім жазасы екі есе артқан

Фото: Getty Images

2025 жылы Иранда орындалған өлім жазаларының саны бір жыл ішінде екі есе артты. Құқық қорғаушылардың мәліметінше, жыл басынан бері кемінде 1500 адам өлім жазасына кесілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC.com порталына cілтеме жасап хабарлайды.

Iran Human Rights (IHR) құқық қорғау ұйымының мәліметінше, желтоқсан айының басына дейін кемінде 1500 өлім жазасының орындалғаны анықталған. Одан кейін де көптеген үкім орындалуы мүмкін.

2024 жылы Iran Human Rights 975 өлім жазасын тіркеген. Алайда нақты сан белгісіз, себебі Иран билігі мұндай статистиканы жарияламайды.

Құқық қорғаушылардың талдауы өлім жазалары санының айтарлықтай артқанын көрсетеді. Бұл деректер басқа да құқық қорғау ұйымдарының қорытындыларымен сәйкес келеді.

Бұған дейін Иран үкіметі өлім жазасын қолдану тәжірибесін қорғап, оның тек "аса ауыр қылмыстар" үшін ғана қолданылатынын мәлімдеген.

IHR деректеріне сәйкес, өлім жазаларының саны 2022 жылдан бастап күрт өсе бастаған. Ол жылы елде әйелдердің қысымға ұшырауына қарсы жаппай наразылықтар болған. Сол жылы 520 адам өлім жазасына кесілсе, келесі жылы осы көрсеткіш 832-ге жеткен.

Саяси маңызы бар қылмыстар, мысалы, тыңшылық немесе наразылықтарға қатысу үшін өлім жазасына кесу жағдайлары белгілі. Алайда өлім жазасына кесілгендердің 99%-ы кісі өлтіру немесе есірткіге қатысты баптар бойынша сотталғандар. Көрсеткіш өзгеріссіз қалып отыр. Ирандық саяси белсенділер билік режимі өзінің тұрақтылығына қауіп төнгенін сезінген кезде өлім жазаларының саны артатынын атап өтеді.


Сауд Арабиясы тағы да бір жыл ішінде өлім жазасының саны бойынша рекордтық деңгейге жетті


Бангладештің экс-премьер-министрі студенттерге қысым жасағаны үшін өлім жазасына кесілді


Еске салайық, бұған дейін Қырғызстанда өлім жазасын қайта енгізу мәселесі қоғамда резонанс тудырған ауыр қылмыстан кейін көтерілді. Қыркүйек айының соңында Ыстықкөл облысында 17 жастағы қыздың зорланып өлтірілуі билікте жазаны қатаңдату жөніндегі бастамаға түрткі болды. Алайда Конституциялық сот бұл ұсыныстың ел Конституциясына, өмір сүру құқығы қағидатына және Қырғызстанның халықаралық міндеттемелеріне қайшы келетінін мәлімдеп, өлім жазасын қайтару мүмкіндігін жоққа шығарды.

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 29 Желтоқсан, 2025 09:28