Иранда АҚШ пен Израиль шабуылдарынан 555 адам қаза тапты

Иранда АҚШ пен Израильдің шабуылдары салдарынан кемінде 555 адам қаза тапқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Иран Қызыл Жарты Ай қоғамы мәліметінше, шабуыл салдарынан көз жұмғандар саны артқан.
"Қазірге дейін 131 қала ауданына шабуыл жасалды. Салдарынан, өкінішке қарай, 555 отандасымыз қаза тапты", – деп хабарлады құтқарушылар Telegram арнасында.
Айта кетейік, бұған дейін 2026 жылы 28 ақпанда Израиль мен АҚШ Иран астанасына соққы жасады. Жауап ретінде Иран Таяу Шығыс өңіріндегі АҚШ базалары мен Израильге зымыран ұшырды. Қақтығыс салдарынан жүздеген адам қаза тауып, елдің жоғарғы басшылығы, оның ішінде аятолла Али Хаменеи де мерт болды. Оның резиденциясы қиратылды.
Хаменеи қазасынан кейін Ислам революциясы сақшылары корпусы (КСИР) АҚШ әскери базаларына қарсы “тарихтағы ең қуатты шабуыл операциясын” бастайтынын мәлімдеді. Бұған жауап ретінде Дональд Трамп тарапынан қатаң ескертулер айтылды.
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі Али Хаменеи қаза тапқан соң уақытша басшылық кеңес құрылғанын хабарлады.
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді