Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иран өздеріне шабуыл жасалса Израиль мен АҚШ базаларына соққы беретінін ескертті

Фото: Anadolu Ajansı

Иран басшылығы АҚШ пен Израильге әскери жауап беруге дайын екенін ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі DW порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бұл ескерту Ирандағы ауқымды наразылық қозғалысына байланысты болып отыр. Иран парламентінің спикері Мохаммад Багер Галибаф 11 қаңтар күні төтенше отырыста сөз сөйледі.

"Егер АҚШ тарапынан әскери шабуыл жасалса, біздің заңды мақсаттарымызға оккупацияланған территориялар мен америкалық әскери орталықтар мен кеме қатынасы объектілері кіреді", – деді ол.

Галибаф "оккупацияланған территория" деп Израильді меңзеді. Себебі Иран басшылығы оның мемлекеттік болмысын мойындамайды.

"Біз кез келген объективті қауіп белгілеріне сүйене отырып әрекет етеміз", – деп ескертті саясаткер.



The Times of Israel басылымының мәліметінше, Иранның осындай мәлімдемелерінен кейін Израиль жоғары дайындық режиміне өтті. 

Еске салсақ, Иран билігі үкіметке қарсы наразылықтардың күшеюіне байланысты елдегі интернет пен телефон байланысын бұғаттап, елдің сыртқы әлеммен байланысын толықтай кескені туралы хабарлаған едік.

STAN.KZ
Жексенбі, 11 Қаңтар, 2026 16:51