Иран қызыл жалау көтерді, енді Сауд Арабиясына шабуыл жасауды көздеп отыр – БАҚ
Сауд Арабиясы барлау қызметінен алған мәліметтерге сүйеніп, Иранның шабуылға дайындалып жатқанын мәлімдеді. Ал әлеуметтік желіде мешіт күмбезіне ілінген кек алуды білдіретін қызыл жалаудың суреті тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап.
Сауд Арабиясы АҚШ барлау қызметінің мәліметімен бөлісті. Сонымен қатар Иранның патшалықтағы нысандарға шабуыл жасауы мүмкін екенін ескертті. Қазір Таяу Шығыстағы америкалық және өзге де құрылымдар жоғары әскери даярлық деңгейіне ауысқан.
Әлеуметтік желіде Кум қаласындағы Джамкаран мешітінің күмбезіне қызыл түсті кек қайтару жалауын ілу сәті түсірілген видео жарияланды.
Бұған дейін Тегеран елдегі бүлікке АҚШ, Британия, Израиль мен Сауд Арабиясын айыптаған еді.
Соңғы рет кек қайтару жалауы 2020 жылы ілініп, "Әл-Кудс" арнайы құрылымының қолбасшысы Касем Сулеймани өлтірілді. Бірнеше күннен соң Иран АҚШ-тың Ирактағы екі нысанына соққы жасады.
Айта кетейік, Ирандағы жаппай тәртіпсіздіктер 22 жастағы Махси Аманидің өлімінен кейін басталды. Қызды хиджабты дұрыс кимегені үшін әдеп полициясы тұтқындап, артынша көз жұмғанын мәлімдеген.