Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иран Израиль астанасына жауап ретінде зымырандармен соққы жасады


Израиль

Видеодан скрин

Иран Израильге қарсы зымыран шабуылын жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Израиль армиясы Ираннан тарапынан тағы бір зымыран шабуылы болғанын хабарлады Тегеран бұл операцияны "Қатаң жаза" деп атады. БАҚ деректеріне сүйенсек, Ислам революциясы сақшылар корпусы (ИРСК) шамамен 200 баллистикалық зымыран атқан.


Иран–Израиль қақтығысы: Қазақстандық әуе компанияларының 6 елдің үстінен ұшуына тыйым салынды


Израиль дереккөздерінің мәліметінше, алғашқы толқында атылған 100 баллистикалық зымыранның 50-ін қағып түсіру мүмкін болған, бірақ "Темір күмбез" қорғаныс жүйесі зымырандардың жалпы легін тоқтата алмады. Елдің орталық бөлігіндегі жеті аймақта жарылыстар тіркелді.

IRNA агенттігі бірнеше зымыран Израильдің Ұлттық қауіпсіздік министрлігінің ғимаратына түскенін хабарлады. ИРСК ресми түрде соққылар Израиль аумағындағы ондаған әскери нысандар мен әуе базаларға бағытталғанын мәлімдеді.

 

Еске салсақ, бұған дейін Израиль Иранға әуеден соққы жасағаны туралы жазған едік. Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты Қазақстанның Израильдегі елшілігі арнайы үндеу жариялады.

Дана Русланқызы
Сенбі, 14 Маусым, 2025 00:13
Талқылау