Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ирактық әйел күйеуін өлтірген террористің басын жұлып отқа қайнатты

Күйеуі қайтыс болғаннан кейін әйелі үйін тастап, террористерге қарсы соғысуды бастап кеткен.

9265c0cb393cb051209b25b36a58a7ea__1440x

Фото: cnn.com

ИШИМ содырлары Иракты басып алып, бірнеше бейбіт тұрғынды өлтіреді. Солардың арасында 39 жастағы Ум Ханадидің күйеуі де болған. Бірақ, әйел басқа ер адамды ұнатып жұп құраған соң, терроршылар оның екінші күйеуін де ажал құштырады. Сонымен қатар, қаскөйлер әйелдің әкесі мен үш ағасын да өлтірген. Терроршылардың қорлығына шыдамаған әйел үйін тастап содырларға қарсы соғысқа шыққан.

Қазір оның қоластында 70-ке жуық жауынгер бар. Оның әскері Шергат қаласында орналасқан. Террористерге деген қаталдығы мен жауыздығының әсерінен оның жауынгерлер алдындағы беделі зор.

Ум Ханади өз туыстарын террористер қалай өлтірсе, өзінің де террористерді дәл солай қырып салғанын еш қысылмай айтады. Ол тіпті содырлардың бірінің басын отқа қайнатқан. Ол тіпті сөзі дәлелді болу үшін аталмыш сәттің фотосын әлеуметтік желіде де жариялапты.

Әйел қазірге дейін қолын қанға малып, талай террористі өлтірген. Оның денесі тыртықтарға толы десе де болады. Алайда ол терроршылардың түптің түбінде жеңілеріне сенімді. Ол тіпті сол күнге жетпей өліп кетсе де, жолымды екі қызым жалғастырады дейді.

Талқылау