iPhone Х телефоны үшін үш күн кезекте тұрған адамды жедел жәрдем алып кетті
Мәскеулік жігіт iPhone X телефонын сатып алу үшін үш күн бойы кезекте тұрған. Осынша уақыт жұмсағанына қарамастан, ол смартфонға қол жеткізе алмады. Себебі үшінші күні жағдайы нашарлаған жігітті жедел жәрдем алып кетуге мәжбүр болды.

Бұл туралы RNS-ке сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Айта кетейік, Тверская көшесінде кезекке тұрған адамдар үшін арнайы автобустар жеткізілген болатын.
iPhone X телефоны жақында ғана сатылымға шықты. Смартфонның бағасы 64 Гб үшін 79 990 рубль (шамамен 400 мың теңге), ал 256 Гб үшін 91 990 рубль (450 мың теңге) тұрады.
Қазақстанда аталған смартфон ертеңнен бастап сатылады.

Жіберіп алмаңыз:
Отандастары Лениннің мәйітін АҚШ-қа сатуды ұсынды
Дональд Трамптың Twitter-дегі аккаунты істемей қалды
Әйелдер де адам: БАӘ-де алғаш рет нәзік жандыларға арналған фитнес-клуб ашылды
Трамп Нью-Йоркте теракт жасаған қылмыскерді өлім жазасына кесуді талап етті
"Еркекке айналып, жас қыздармен қатынасқа түседі": Қазақстандық әйелдер түрмедегі былықтарды жайып салды
"Түрме - осы өмірдегі тозақ"
"Сот шешіміне дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек
Қожайындар енді екі айлық пәтер ақысын депозит ретінде бірден сұрайды