Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелдер де адам: БАӘ-де алғаш рет нәзік жандыларға арналған фитнес-клуб ашылды

Рима бинт Бандар Аль Сауд патшайым БАӘ тарихында алғаш рет әйелдерге арналған фитнес-клуб ашты.

Бұл туралы arabnews.com басылымы хабарлайды.

Басылымның хабарлауынша, әйелдерге арналған фитнестің ашылуына елде спортты дамыту мәселесі себеп болған. Патшайым аталған фитнес-клубқа ең үздік жаттығу құрылғыларының қойылғанын айтып өткен. Мұнымен қатар, ол әйелдер жаттығу бағдарламасы мен уақытын таңдауға көмектесетін мобильдік құрылғы сыйлады.

Рима бинт Бандар Аль Сауд 13 қазан күні аталған елдегі Олимпиада президенті болып тағайындалған. Патшайым корольдіктегі жоғары лауазымдағы қызметке ие болған алғашқы әйел. Жергілікті БАҚ фитнес-клубтың ашылуын “елеулі оқиға” деп бағалады.


Жіберіп алмаңыз:

Трамп Нью-Йоркте теракт жасаған қылмыскерді өлім жазасына кесуді талап етті

Заңгер жыртық джинсы киетін қыздарды зорлауға шақырды

Қызылордалық шенеуніктердің ерлер мен әйелдер араласа жалаңаш күйінде демалған сәті желіге тарап кетті

ОҚО-да жезөкше болуға көнбеген қыздарын ата-анасы үйден қуып жіберген (видео)

Талқылау