"Iphone 16 мен бренд сөмке таратты": Баян Алагөзова қыздарының тұсаукесер тойын жасады
Фото: Видеодан скриншот
Танымал продюсер Баян Мақсатқызы қызы Алиса мен Алманың тұсаукесер тойын жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қос қыздың тұсауын қыздарының кіндік шешелері Айсәуле Бақытбек пен Аша Матай кесті. Ал тұсаукесер рәсімін әнші Жазира Байырбекова "Тәй-тәй" әнімен сүйемелдеген.
"Бақытты болыңдар, балақайлар. Мен сендерді жақсы көремін!", – деп жазды Айсәуле Бақытбек.
Одан кейін продюсердің әріптесі, әнші Мадина Сәдуақасова да тойдың қалай өткенін жазды.
“Кішкентай Алиса мен Алманың алғашқы үлкен тойы. Мейрамханаға кіріп келгеннен әдемі гүлдердің иісі болды. Қос ханшайымның тойы ертегідей өтті. Арнайы дресс-код, сценарий, тойға арналып жазылған әндер, қойылым бәрі керемет. Көңілді тойды өткіздік. Мен бір конкурсқа қатысып IPhone 16 Pro Max ұтып алдым. Тойда тілекті тек Баян мен Тұрсен айтты. Әлемдегі ең бақытты ата-ана екенін, бір-біріне сезімдерін жеткізді. Келесі жылы шаңырақ көтергендеріне 10 жыл екен. Енді бәріміз бұйырса Тұрсен мен Баяшаның үйлену тойын көреміз. Бақытты болыңыздар! Ұл-қыздарыңыздың қызығын көріңіздер! Қос кенже қыздарыңның алғашқы қадамы құтты болсын! Ерекше естен кетпес әдемі той болды. Қыз аңсаған жандарға жұғысты болсын!”, – деп жазды әнші.
-
"Қуыршаққа ұқсайды": Баян Мақсатқызы алғаш рет қыздарының жүзін көпшілікке көрсетті
-
Баян Мақсатқызы суррогат аналарға қанша теңге жұмсағанын айтты
Сондай-ақ Ерке Есмахан да тойдың керемет өткенін баяндап берді.
“Ең қымбат күлкі менікі болып, бренд сөмке ұтып алдым. Қымбат заттарға магнитім бар. Келесі жылы ұлдарымыздың тойын дүркіретіп жасауды бұйырсын”, – деп жазды Ерке.
Еске салайық, Салтанат Байқошқарова екі рет ана атанған Баян Мақсатқызын көпке үлгі етіп, қыздарының дүниеге келуіне суррогат аналардың көмектескенін жасырмаған еді.

Жаңа оқу жылында бір оқушыны мектепке дайындау қанша тұрады: Ата-аналар шығындарын бөлісті
