Иордания королі Назарбаевты ағам деп ағынан жарылды
Ханға сый құрмет! Бүгін Қазақстанға келген Иордания королі Екінші Абдалла Назарбаевты ағам деп атап ағынан жарылды, деп хабарлайды КТК арнасы.
Нұрсұлтан Назарбаев та бауырын құшақ жая қарсы алды. Оның үстіне қос басшы бұрыннан дос. Өзара татулық қос мемлекетті одан әрі жақындастыра түскендей. Сондықтан бүгін Ақордадағы келіссөз де нәтижелі өтті. Ал Иордания соғыстан көз ашпай отырған Сирия мен Иракпен құдайы көрші. Шекарасының түбіндегі қақтығысты реттеуге ресми Амман да мүдделі. Тіпті Астанадағы Сирия келіссөздеріне Иордания бақылаушы ретінде қатысып келеді. Қазақстан президенті Екінші Абдалланың бұл еңбегін елеусіз қалдырған жоқ. Мәртебелі мейманға Таяу Шығыстағы қауіпсіздік үшін күресіп, Сирия босқындарын бауырына басқаны үшін наградамен марапаттады.
“Иордания қарулы қақтығыс ушыққан Таяу шығыс өңірінде тұрақтылық пен қауіпсіздік орнату жолында жақсы атқа ие болып отыр. Алдағы уақытта да мемлекет аралық қатынстардың барлық бағыттары бойынша, өз-ара тиімді ынтымақтастықты дамытуға келістік”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
“Қазақстанға келіп, ағамды көргеніме өте қуаныштымын. Әрі сіздің де осы әлемді қауіпсіз етіп, қарулы қақтығыстарды тоқтатуға қосқан үлесіңіз үшін алғыс айтамын”, – дейді Иордания королі Абдалла ІІ.
Жіберіп алмаңыз:
Ғабидолла Әбдірахымов “Нұр Отан” партиясының хатшысы болып тағайындалды
Ұлттық банк: қазанда инфляция өсімі болуы мүмкін
Сарапшылар базардағы қымбатшылықтың себебін түсіндірді
Қазақстанда білім саласындағылардың ең төмен жалақы алатыны анықталды
Талқылау