"Интимдік массаж салонында ұсталған": Тұрсынбек Қабатов халыққа үндеу жасады
Фото: Видеодан скриншот
Танымал әзілкеш, актер Тұрсынбек Қабатов өзіне қатысты жалған ақпарат таратып жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі жеке парақшасында мәлімдеме жасады.
“ Әлеуметтік желілерде мен туралы жалған ақпарат тарап жатыр екен, сенбеңіздер! Интимдік массаж салонында ұсталыпты дей ме?! Өзім таңғалып отырмын. Концертімнің алдында аяқтан шалу ма, білмеймін. Кімнің ойына мұндай келгенін. Мен 15 күннен бері Алматыдамын, “Тhe voice” шарасын жүргіздім, одан қала берді қала күні болды, қазір де бір ауқымды шараның тізгінін ұстағалы жатырмын. Ешқандай Манхэттен деген жерді білмеймін. Барлығы жалған", – деді өнер иесі.
Айта кетейік, Тұрсынбектің жары Мөлдір Мұқан отбасына қатысты сұраққа жауап берген еді.
“Мен қазір жеке өмір туралы көп айтпайтын болдым. Халыққа жеке өмір туралы айтсаң, біле бергісі келеді. Мен туыстарыма, құрбыларыма Тұрсынбек туралы өсек естіп жатсаңыздар “оны жек көріп кетпеңіздер” деп айтамын. Ол – жақсы адам. Ешкімді ренжітпейді. Концертке барып, әзілдерін тамашалаңыздар”, – деді Мұқанова.

"Отаға 33 миллион теңге қажет": Қазақстандық әйел босану кезінде дәрігерлер кесар тілігін жасап, қуығын тесіп жіберді деп айыптады
