Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Интимді анализдерімнің қорытындысы бөтен ер адамда жүр": Алматылық қыз жеке емхананы құпия ақпаратын таратып жіберді деп айыптады

Алматылық тұрғын гинекологиялық орталықты интимді талдау анализдерін таратып жіберді деп айыптады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот

Зарина Асанханова Алматыдағы Darmed медициналық орталығында жұқпалы ауруларға интимді талдау анализін тапсырған. Алайда оның нәтижесі белгісіз жағдайда Instagram желісі арқылы ер адамға жіберілген.

"Менің жекеме бейтаныс ер адам жазды. "Darmed клиникасы маған анализдеріңізді жіберді, сіз саусыз” деп жазып жіберіпті. Менің жұқпалы ауруларға арналған интимдік анализімді басқа біреу жіберген сәтте мен қорқып қалдым. Абдырап, үрейленіп, түрлі ой келе бастады. Егер бұл адам менің анализімді біреулерге таратып жіберсе немесе достарыма, әріптестеріме жіберсе ше? Ал талдау анализін фотошоп арқылы өзгертіп, басқа қауесет шығарса? Өзімді өте әлсіз сезіндім”, – деді алматылық қыз.

Клиника нөмірді шатастырып, талдау нәтижесін ер адамға жіберген екен. Ер адам Зарина емес екенін айтқан соң құжатты өшірген. Десе де ер адам Зарина Асанханованы әлеуметтік желіден тауып алып, хабардар етуді шешкен.

Осы жайттан соң қыз клиникаға қоңырау шалып, бір апта бұрын кездесу уақытын белгілегенін айтады.

“Сол күні клиникаға жазбаша арызыммен келдім. Алайда мені күтіп алған әйел бұл жағдайдан еш хабары жоқ болып шықты. Мен арызымды бердім. Ол оқып шықты да, біреумен кеңесіп, “15 күннен соң сізге жауап береміз” деді. Кешірім де сұраған жоқ, жағдайды түсіндіруге тырыспады, “кінәліміз” деп мойындамады”, – деді Асанханова.

15 күннен кейін Darmed жауап беріп, қызметкердің тарапынан қате кеткенін мойындаған. 

“Жеке ақпарат қызметкеріміздің кесірінен тарап кеткеніне өкінеміз. Бірақ мұндай қате енді қайталанбайды, ішкі тексеріс жүргізіліп, қажет шаралар жүргізілді. Өтемақы ретінде сізге клиникамыздағы маманның қабылдауына тегін келуіңізді ұсынамыз”, – делінген хабарламада.

Алайда қыз бұл клиникаға сенімі қалмағанын және мұндай өтемақыға көңілі толмайтынын айтты.

“Сонда Darmed пациенттің интимді ақпаратының тарап кеткенінің құнын маманға бір рет көрінумен бағалай ма? Мен бұл орталықтың тұрақты емделушісі едім. Тегін жарнамалап, таныстарыма осы жерге баруға кеңес бердім. Бірақ мұндай қатеге ұсынған өтемақысы әділ деп санайсыздар ма?”, – деді ол.

Тілші жағдайға қатысты Darmed клиникасының пікірін білді.

“Тағы да кешірім сұрап, бұл жағдай әдейі емес, адами фактордан болғанын хабарлаймыз. Біз пациент ұсынған өтемақы деңгейін қарастырдық, бірақ бұл мұндай жағдайда берілетін нормадан асады. Біз мәселені құқықтық жағынан шешуге дайынбыз және жауапкершіліктен қашпаймыз”, – деп мәлімдеді жекеменшік емхана.

Зарина Асанханова қандай өтемақы талап ететінін айтпады, бірақ мәселені заңды тұрғыдан шешетінін, қазір заңгерімен ақылдасып жатқанын түсіндірді. 

Еске салсақ, бұған дейін әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде “пәк” қыздардың тізімі тарап кеткені туралы жазған едік. Кейін студенттердің жеке деректерін таратқан адам медициналық қызмет көрсететін мекеменің қызметкері екені анықталды. Алматы қалалық прокуратурасы жеке деректерді тарату бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. 

@takeiteasy20

Клиника посчитала, что моральной компенсацией достаточно будет один поход к их специалисту. Просто представьте, предложить вновь прийти в клинику где слили твои анализы🙂

♬ оригинальный звук - Зарина Асанханова
Талқылау