Ата-ана баласының интернетте не істеп отырғанын қалай бақылай алады: Министрлік түсіндірді
Мәдениет және ақпарат министрлігі ата-аналар үшін балаларын интернетте бақылауға арналған арналған танымал қосымшалардың тізімін ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ашық дереккөзден алынды
Министрлік мәліметінше, қазіргідей цифрлық әлемде балаларды желідегі қауіптерден қорғау маңызды мәселеге айналып отыр. БАҚ саласындағы заңнамалық талаптардың орындалуын қадағалайтын мәдениет және ақпарат министрлігі ата-аналар үшін балаларды интернетте бақылауға және қорғауға арналған қолжетімді қосымшылар тізімін ұсынды.
Ата-ана бақылауы сервистері заңсыз контентке қол жеткізуді шектеуге, онлайн-әрекеттерді қадағалауға және құрылғыларды пайдалану уақытын бақылауға көмектеседі.
Ата-ана бақылауына арналған танымал қосымшалар:
- Kaspersky Safe Kids: сайттарды бұғаттау, геолокация, белсенділік туралы есептер.
- Dr.Web Security Space: антивирус және ата-ана бақылауы, контентті сүзу.
- Qustodio (Испания): контентті сүзу, экран уақытын шектеу, әлеуметтік желілерді бақылау.
- Net Nanny (АҚШ): контентті бұғаттау, экран уақытын шектеу және орналасқан жерді қадағалау.
- Norton Family: сайттарды сүзу, пайдалану уақытын шектеу және іздеу сұрауларын қадағалау.
- Kidslox: экран уақытын шектеу, қосымшаларды бұғаттау және орналасқан жерді қадағалау.
- Parental Control Kroha (Украина): қосымшаларды бұғаттау, веб-бақылау, белсенділікке мониторинг жасау.
- Google Family Link: Android жүйесінде белсенділікті бақылауға арналған тегін қосымша. Ата-ана мен баланың құрылғыларына орнату қажет.
- Kidlogger: белсенділікті қадағалауға мүмкіндік беретін пассивті бақылау.
- Кірістірілген мүмкіндіктер: Android үшін Google Play арқылы, iOS үшін — геопозицияны қадағалау үшін "Экран уақыты" және "Орналасқан жерді анықтау".
- TikTok Family Pairing: жасөспірімдердің TikTok қолдануын бақылау, экран уақытын шектеу және контентті сүзу мүмкіндігімен.