Instagram киім мен артқы көріністі өзгертуге болатын жаңа технологияны таныстырды
Instagram басшысы Адам Моссери жсанды интеллект негізінде жұмыс істейтін Movie Gen технологиясын таныстырды. Аталған технология арқылы қолданушылар киімдері мен артқы көріністі өзгерте алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан скриншот
Movie Gen технологиясы платформа тұтынушылары үшін сурет не видеоны редакторлау қабілетінсіз-ақ контентін түрлендіруге мүмкіндік береді. Алдын ала ақпаратқа сүйенсек, функция киімді өзгертіп, артқы көріністі, яғни фонды ауыстыра алады. Сондай-ақ киіміңзге акссесуар қоса аласыз. Movie Gen-ді таныстырған Адам Моссери былғары күртесін "ауыстырып", Парижге және қар басқан орманға "барып келген". Оның үстіне Моссери қолын қозғалтқанда жасанды интеллектпен жасалған киімі мен артқы фон еш өзгеріссіз қалған.
Адам Моссеридің жазбасының астында пікір екіге бөлінді. Бірі Movie Gen-ді сынап көру үшін асыға күтетінін жазса, кейбірі мұны хромакеймен салыстырып, мұндай функцияны құптамайтынын жеткізді.
Талқылау

"Қанды Қаңтар" алдында газ бағасын көтеруді қолдаған мұнай сарапшысы тағы сынға қалды: Енді жолақыны қымбаттатуды ұсынды
Сарапшы Олжас Байділдиновтің айтуынша, қазіргі субсидиялау жүйесі тиімсіз

"Неге сонша нақұрыс болдыңдар": Желіде қазақтарды "құлдар" деп қорлаған әйелге шағым түсті
Әйелдің пікірінше, қазір Қазақстанда толыққанды орта, ал тіпті, жоғары білімді қазақ тілінде алу мүмкіндігі шектеулі