Інісіне не қарындасына беруге болады – Министр "Келешек" жүйесінің ерекшелігі туралы
Ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбек балаларға арналған "Келешек" жинақ жүйесінің ерекшелігі жайлы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
"Келешек" бойынша заң қабылданып, қол қойылған. Есепшот ашып жатыр. Өте белсенді, қазірдің өзінде 70 мыңға жуық шот ашылған. Біз тіпті, шынымызды айтсақ, қорқып отырмыз. Бастапқы жарна, бәрін есептеу керек. Бұл бастамаеға елдегі ірі ұлттық университеттер қосылды. ЕҰУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Сәтпаев университеті, бірнеше жеке университет, Нархоз және т.б. Олар "Келешек" жүйесі арқылы келген балаларға қосымша жеңілдіктер береді", – деді Саясат Нұрбек.
Министр бала грантқа түссе, қаржыны бөлу механизмін де айтып берді.
"Бұл қаржыны інісі не қарындасына беруге болады, егер отбасы үлкен болса. Немесе қаржыны үй алуға жұмсауға болады. Тіпті депозит ретінде қолданып, кейін өз қажетіне жұмсай алады", - деп қосты ол.
Талқылау