Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Инфантино 2034 жылғы әлем чемпионатын 2035 жылдың қаңтарына ауыстыру мүмкіндігін айтты

Фото: Reuters

ФИФА президенті Джанни Инфантино Сауд Арабиясында өтетін 2034 жылғы футболдан әлем чемпионатының күнтізбесіне өзгеріс енгізу мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оның айтуынша, турнир 2035 жылдың қаңтар айында өтуі ықтимал. Бұл шешім қасиетті Рамазан айымен сәйкес келмеу үшін қабылдануы мүмкін.

"Егер футболды бүкіл әлемде бір уақытта өткізгіміз келсе, наурыз немесе қазан айларын таңдауға болады. Себебі желтоқсанда әлемнің бір бөлігінде ойнау мүмкін емес, ал шілдеде – басқа бөлігінде", – деді Инфантино Еуропалық клубтар қауымдастығының Бас ассамблеясында.

Ол сонымен қатар бұл тақырып тек бір чемпионатпен шектелмейтінін атап өтті:

"Біз күнтізбені үнемі талқылап отырамыз. Кейбір еуропалық елдерде де шілде айында ойнау тым ыстық. Сондықтан футбол өткізуге ең қолайлы айларды қарастыру қажет шығар. Мысалы, маусым айы сирек қолданылады", – деді ФИФА басшысы.

Инфантиноның айтуынша, ұйым бұл мәселені әділ және бейтарап түрде қарастырады.

Абылайхан Палмағанбет
Бейсенбі, 09 Қазан, 2025 21:00
Талқылау