Фото: Willy Kurniawan/Reuters
Индонезияда депутаттарға қосымша төлем тағайындау туралы заң қабылданған соң елде жаппай тәртіпсіздіктер болды
Наразылықтарға парламенттің әрбір депутатқа ай сайын 50 миллион рупий (шамамен 3 миллион теңге) көлемінде тұрғын үйге арналған жәрдемақы төлеу туралы шешімі себеп болды. Жағдайдың өршуіне 28 тамызда Джакартада өткен митингті тарату кезінде полицей көлігінің мотоцикл жүргізген 43 жастағы Gojek және Grab сервистерінің курьері Аффан Курниаванды қағып өлтіруі де әсер етті. Марқұмның әріптестері бұл оқиғаны "варварлық" деп атап, кінәлілерді қатаң жазалауды талап етті.
Ер адамның қазасынан кейін наразылықтар астана ғана емес, басқа қалаларды да қамтыды. Джакартада демонстранттар парламент пен полиция штаб-пәтерінің ғимараттарына тас лақтырып, көліктерді өртеді. Сурабая, Бандунг және тіпті Бали аралында да акциялар өтіп, полиция оларға көз жасаурататын газ бен су атқыштар арқылы жауап берді.
🇮🇩 See the street protests in Indonesia from an action camera. pic.twitter.com/bn6GB0rAEg
— Antifa_Ultras (@ultras_antifaa) August 30, 2025
Bloomberg таратқан мәліметке сәйкес, Макассар қаласында өңірлік парламент ғимаратына от қойылып, кемінде үш адам қаза тапты, бірнешеуі жараланды. Бандунгте төрт ғимарат өртенді. Джакартада полиция бөлімшелері мен қоғамдық көлік нысандарына шабуыл жасалды, метро станциялары мен автобустардың жұмысы уақытша тоқтатылды.
Жалпы ел бойынша жүздеген адам ұсталып, ондағаны жараланды.
pray for Indonesia 🇮🇩💔😭 pic.twitter.com/i008ay6q9v
— mayy (@hinata_hyugaa10) August 30, 2025
Президент Прабово бастапқыда сабырға шақырып, қаза тапқан курьердің отбасына көңіл айтты. Кейінірек бронды көлікте болған жеті полицейдің "қызметтік этиканы бұзғаны үшін" 20 тәулікке қамауға алынғаны және оқиға бойынша тергеу басталғаны белгілі болды.
Бүліктерден кейін мемлекет басшысы депутаттарға төленетін даулы үстемақылардың күшін жоюға және парламент мүшелерінің шетелдік іссапарларына мораторий енгізуге шешім қабылдады.
Indonesia’s President Prabowo Subianto has called for calm after police ran over and killed a man during anti-gov't protests.
— Al Jazeera English (@AJEnglish) August 29, 2025
Demonstrators took to the streets of Jakarta after finding out lawmakers receive benefits totalling almost 20 times the average monthly salary. pic.twitter.com/Rn9QmgKAgQ
"Халықтың талабына жауап ретінде партия төрағаларынан парламент мүшелеріне қатысты қатаң шаралар 1 қыркүйектен бастап қабылданатыны туралы ақпарат алдым", — деді Прабово Субианто тікелей эфирде.
Елдегі тұрақсыздыққа байланысты президент Прабово Қытайға жоспарлаған сапарын тоқтатты. Ол Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуының 80 жылдығына арналған парадқа қатысуы тиіс еді.
Индонезияда мектептер мен банктер уақытша жұмысын тоқтатып, қызметкерлер қашықтан жұмыс істеуге көшті. Қаржы нарығында да құлдырау байқалды: рупия бағамы доллармен салыстырғанда шамамен 1 пайызға төмендеп, қор индексі тәртіпсіздіктердің қызған кезінде 2,3 пайызға түсті.

Әкімдік қаладағы ескі брусчаткалардың мұқтаж отбасыға берілгенін айтты: Алайда Боқаев төсеуіштің жеке қолға сатылып жатқанын түсіріп алған (видео)
