Алкоголь ішіп, некесіз жыныстық қатынасқа түскен жұпқа көпшілік алдында 140 рет дүре соғылды

Индонезияда алкоголь ішіп, некесіз жыныстық қатынасқа түскен ерлі-зайыпты шариғатқа, яғни исламның діни құқығына қайшы әрекет жасады деп танылып 140 рет қамшымен ұрылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Ачех провинциясында көпшілік алдында өткізілген дүре соғу кезінде 21 жастағы әйелге рекордтық мөлшерде соққы жасалып, ол есінен танып қалған.
2026 жылға арналған Ораза кестесі жарияланды
Әйелді үш әйел-полиция қызметкері кезек-кезек ротангтан жасалған шыбықпен ұрған, сол сәтте ол көз жасын тыя алмаған. Ол құлағаннан кейін ғана әйел-полиция қызметкерлері оны сахнадан көтеріп алып, жедел жәрдем көлігіне жеткізген.

Бейсенбі күні осы жұппен бірге тағы төрт адам, оның ішінде ислам полициясының бір офицері де, дене жазасына тартылды. Олардың бәрі шариғат нормаларын бұзғаны үшін кінәлі деп танылған.
Дүре соғу – діни тұрғыда консервативті Ачехте ислам құқығын бұзғандарға қолданылатын кең таралған жаза. Алайда бұл тәжірибе ұзақ уақыттан бері адам құқықтарын қорғау ұйымдарының сынына ұшырап келеді, өйткені олар мұны қатыгездік деп санайды.
Ачехтің исламдық қылмыстық кодексіне сәйкес, некесіз жыныстық қатынас үшін 100 дүре соғу, ал алкоголь тұтынғаны үшін 40 дүре соғу қарастырылған.
“Дене жазасын қолдану ережелері жеткілікті деңгейде нақты регламенттелмеген”, – дейді Ачехтегі Kontras индонезиялық құқық қорғау ұйымының үйлестірушісі Азхарул Хусна. Оның айтуынша, мұндай жазалардан кейін адамдарға қолдау көрсету үшін ережелерді “жақсарту” қажет.
Ислам полициясының офицері мен оның әріптесі жеке жерде бір-біріне тым жақын болғаны үшін 23 дүре соғу жазасына тартылған.
Ачех ислам полициясының басшысы Мұхаммад Ризалдың BBC Indonesia-ға айтуынша, офицерді оның үйінде онымен оңаша отырған күйінде ұстап алған. Ол сондай-ақ офицер жұмыстан шығарылатынын мәлімдеді.

Ачех – Индонезиядағы мұсылман халқы басым жалғыз провинция, мұнда шариғат ережелері қатаң сақталады және көптеген құқықбұзушылық үшін көпшілік алдында дүре соғу жазасы қарастырылған.
Айта кетейік, бұған дейін Францияда ерлі-зайыптылардың “жыныстық қатынасқа түсу міндеті” алып тасталынбағы хабарланған еді.
"Төрт жыл бұрын Қазақстан азаматтығын алған": Сарапшы Шарлапаевтың "Атамекен" кәсіпкерлер палатасына тағайындалуын сынға алды