Индонезия жағалауында жолаушылар паромы өртенді: Бортта 280 адам болған

Индонезия жағалауында 280 адам бар жолаушылар паромы өртеніп кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Sun порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақпаратқа сәйкес, қою қара түтін төменгі палубалардан көтеріле бастағанда, кемеде дүрбелең басталған. Куәгерлер әлеуметтік желіде жолаушылардың айқайлап, көмек сұрап жатқан сәттері түсірілген видеолармен бөліскен.
"Адамға лық толы паромда үлкен өрт шықты. Жолаушылар суға секіруге мәжбүр болды. Ондаған адам қамалып қалуы мүмкін", – деп жазды басылым.
Кемедегі қызметкерлер жолаушыларға құтқару кеудешелерін кигізуге көмектесіп, кейін олар суға секірген.
Қазіргі уақытта билік оқиғада қаза тапқандар туралы ақпаратты растаған жоқ.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"