Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Далада емес, зауытта қайтыс болғаны дұрыс болған": Индира Елемес Арман Дүйсеновтің өліміне қатысты ойын айтты

Индира Елемес - Арман Дүйсенов өліміне қатысты сұхбатына пікір білдірдіФото: https://www.instagram.com/indiraelemes

Танымал әнші Индира Елемес әлеуметтік желідегі парақшасында Арман Дүйсеновтің өліміне қатысты берген сұхбаты үшін өзін сынап жатқандарға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі желі қолданушылары “Астарлы ақиқат” бағдарламасына айтқан сөздері үшін парақшасында теріс пікір қалдырып, өзін ғайбаттап жатқанын жазды. Ол бағдарламаның редакциясына Арман Дүйсеновтің студиясында тек ән жазып жүргенін бөліскенін айтты.

“Пікірлерді оқып күлкім келеді, қандай өсек, қарғауға құмарсыздар. КТК арнасынан, “Астарлы ақиқат” бағдарламасынан сұраңыздар, бағдарламаға қатыспаймын десем де, журналистері студияма келіп, жалынып отырып алды, 3 сағат бойы күтіп отырды. “Ол кісінің өлімін туралы айтып маған не керегі бар? Барлық әнші көрді, біледі, оны қозғап қайтесіздер?” деп сұрақ қойдым. “Жоқ, халық Арман Дүйсеновтын қайда өмірден өткенін білетін болады” деп жауап берді. “Бұл бағдарламада тұлғалардың естелігі көп, біз осында зауытта қайтыс болғанын білеміз, түсіріп алсақ” деді. Мен ол бөлмеге кіргізе алмайтынымды айтып, “Арман Дүйсенов студияда отырып ән жазатын, соны айтайын” дедім, бар болғаны сол”, – деді ол.

Әнші тілшілерге бұл тақырыпқа арналған бағдарлама бөлімін эфирге шығару үшін марқұм сазгердің отбасынан рұқсат алу қажеттігін ескерткенін алға тартты.

"Ол кісінің өз отбасы барын, сол кісілерден сұрау керегін де айттым. “Әйелінен рұқсат алдыңыздар ма?” деп сұрадым, журналист “Иә, біледі” деп жауап берді. Сол кезде Айсұлу апайға қоңырау шалып, нақтысын біле салу керек еді, олардың не мақсатпен келгенін қайдан білейін. Бағдарламада “Осы зауытта қайтыс болды деп мәлімдеді” деп айтты, хайп үшін келген екен”, – деді ол.

Индира Елемес “Арман Дүйсенов жертөледе қайтыс болды” деп айтпағанын мәлімдеді

"Мен жертөле деген сөзді білмеймін және студияны жертөле деп те айтпаймын. Зауытта қайтыс болды” дейді, бөлмесін көрсетіңізші деп сұрады, мен көрсетпейтінімді айттым. Олардың ойы болғанын әлі түсінбедім, айтпаған нәрсені айтты деп былықтырып алып, YouTube-тан өшіріп тастады. Бүкіл матерталды шығарсын ештенесін қысқартпай, көрсетсін халыққа! Маған ғайбат жазуды тоқтатыңыздар!” – деді ол.

Индира Елемес Арман Дүйсенов өліміне пікір білдірдіСондай-ақ ол бұрынғы күйеуі Иманмәди Кәлелхан мен марқұм Арман Дүйсеновтің арасындағы қаржылық мәселелерден хабарсыз болғанын жеткізді.

“Екінші мәселе. Араларында ақша немесе басқа болған жәй туралы менің хабарым жоқ, жалпы еркектердің арасындағы алыс-беріске куәгер болып көрмеппін, тоқетерін айтқанда хабарсызбын. Егер ол туралы мен білсем, Айсулу ханым “иә, көрді, білді” деп мәлімдесін! Мен ол туралы биыл маусымда естідім, бірақ Қ.Иманмәди “Олардан бір тиын алмадым, керісінше, олар маған қарыз” деді. Соңғы сөйлесуім осы ол адаммен! Айсұлу, Иманмәди, Арман ағаның арасындағы дүниеге менің не қатысым бар?” – деді ол.

Өнер иесі жақсылық жасаймын деп, сынға қалғанын бөлісті.

“Түсініп, біліп, сосын бірақ жазыңыздар. Әлде сұхбатта “Индира білді, ол да көрді” деп айтты ма? Әр адам өзіне жауап берсін!  Депрессияда жүр деді, марқұм ағаның өзінен естімедім, “маған қарыз соны ала алмай жүрмін” деп айтпаған, демек өзара болғаннан соң тіл қатпай кеткен болар. Менің бар кінәм сол зауытта бөлмеде тұра берсінші , емделсінші деп қанша рет көмек бергенім. Жақсылық жасаймын деп ғайбатқа ұшыраймын деп ойламаппын!” – деді ол.

Индира Елемес Арман Дүйсенов өліміне пікір білдірді ә

Әнші ешқандай БАҚ өкіліне сұхбат бермейтінін, шындықтың беті уақыт өте ашылатынына сенімді екенін жазды.

“Бүгінге дейін қанша сайт, журналистер “жауап беріңіз” деп тағы хайп жинағысы келді. Мен ешкімге сұхбат бермеймін, ақталмаймын, бәрін уақыт көрсетеді. Өз былықтарына өздері жауап берсін. Арман ағаның далада емес, әйтеуір зауытта болса да, жылы жерде жан тапсырғаны дұрыс болған деп ойлаймын”, – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін әнші Индира Елемес марқұм композитор, сазгер Арман Дүйсеновтің соңғы сәтінде жанында болғанын айтып, “Астарлы ақиқат” бағдарламасына сұхбат беріп еді. 

“Жүрегі тоқтап, бір сәтте кетіп қалды. Қатты қиналып, ауырған да жоқ. Осы студияда болды. Қасындағы жігіттердің айтуынша, су ішіп, жатып қалған. Содан оянбаған. Таңғы 9-дар шамасында жүріп кеткен. Соңғы демі қалғанша екеуміз студияда ән жаздық. Ағалы-қарындас болып араласатын едік. Тіпті жаназасын өзімнің үйімнен шығарғым келді. Бірақ имамдар рұқсат етпеді. Жан тапсырған студиядан орталық мешітке алып кетті. Бұл тақырыпта әңгіме айту маған қиын. Бірақ ақиқаты – осы”, – деді әнші. 

Индира Елемес композитор отбасынан бөлек тұрғанын да жасырмады. 

Балнұр Жұмаділла
Сәрсенбі, 26 Қараша, 2025 11:57
Талқылау