Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Індеттен емделіп шыққандардың ағзасына коронавирустың кері ықпалы қандай?

АҚШ-тың Джордж Мейсон университетінің профессоры, биология ғылымдарының докторы Анча Баранова коронавирустан жазылғандардың аурудан кейін өкпелеріне зақым келетіндігін айтып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Профессордың сөзінше, коронавирустан емделіп шыққандардың кейбіреулерінің өкпе көлемі 20-30%-ға дейін кішірейген.

"Бұл жағдай барлығында емес, өте сирек кездеседі", - дейді маман. 

Баранова деректерді растау үшін коронавирустан айыққандарды тексеру керектігін айтады. Маманның сөзіне сүйенсек, науқастардың созылмалы аурулары асқынып, басқа да сырқаттарға шалдығатынын анықтау керек екен. 

"Науқастар бірден аурудан айықты деп айтуға болмайды, біраз уақыт қажет. Десек те аурудан жазылғандарға бірақ уақыт пульмонологиялық реабилитация керек екені анық", - деп қосты сарапшы. 

Бұған дейін ресейлік вирусолог ғалым Феликс Ершов індеттің адам ағзасына деген кері ықпалын атап кеткен еді. Айтуынша, вирус иммундық жүйеге, мидың жасушаларына кері ықпалын тигізіп, бронхит, менингит, инсульт пен жүрек талмасына әкеп соғуы мүмкін екен. 

 

Талқылау