Имашев пен Тұрсынбаева айтысты насихаттау үшін Африкаға кетті
Ақиық ақын Балғынбек Имашев пен Айнұр Тұрсынбаева Африканы бетке алды. Мақсаттары қазақтың төлөнерін UNESCO алдында паш ету.
Тосын сапардың себебін Тұрсынбаева мен Имашев Instagram желісінде жазған.
“Балғынбек екеумiз 25 жыл айтысып қайда болмадық. Қытай, Моңғолия, Түркия, Франция, Англия… Ал бүгiн Африкаға ұшып барамыз десек сенбейсiздер ғой, иә?”, – дейді ақын жанкүйерлеріне.
«Айтсам сенбейді ғой деп жазбап едім. Айекең айдайәлемге жар салып қойыпты ғой… Ойыншық па саған Намибия», – деп әзілдейді ақын Балғынбек Имашев.
Айтыс өнері UNESCO бағдарламасына енген соң, ақындарды ұйымдастырушылар мәдени шараның құрметтi қонағы ретiнде шақырған екен. Бұл жолы айтулы айтыскерлер Африканын Намибия мемлекетiне сапарға шыққан.
“Бәкең негрлермен қалай амандассам екен деп миы қатып отыр. Маған “сен ұлттық киiммен жүр, мен жапырақ байлай салам ғой” деп қояды”, – деп жазған Тұрсынбаева.
Айтыс сүйре қауым Қазақстанның атынан кетіп жатқан екі айтыскерге алғыс айтып сәттілік пен жол амандығын тілеп отыр.