Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ бас хатшысы қызметінен кетеді: Жаңа үміткер Бішкекте қаралады

Фото: Іnstagram.com/pro_tasmagambetova
Иманғали Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы бас хатшысы қызметінен кетеді. Оның өкілеттік мерзімі аяқталуға жақын. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Иманғали Тасмағамбетовтың орнына келетін бас хатшыны алдағы үш жылға 27 қараша күні Бішкекте Сыртқы істер министрлері, Қорғаныс министрлері және Қауіпсіздік кеңесі хатшыларының бірлескен отырысында таңдайды.
“"Жиында қатысушылар есірткіге қарсы күрес және заңсыз көші-қон саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылайды. ҰҚШҰ-ның Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясында елдердің қауіпсіздік жөніндегі ортақ ұстанымдарын қамтитын декларация қабылданып, 2026 жылы Ресейдің төрағалық ету кезінде жүзеге асырылатын басымдықтар жарияланады”, — делінген ұйымның хабарламасында.
Иманғали Тасмағамбетов мемлекеттік қызметтің түрлі салаларында қызметте болған. Ол премьер-министр, Астана мен Алматы қалаларының әкімі, қорғаныс министрі және Ресейдегі елші лауазымында болды.
Еске салайық, Иманғали Тасмағамбетов 2023 жылдың қаңтарынан бері ҰҚШҰ бас хатшысы қызметін атқарып келеді.
“Жыл сайын бала туамын деп жақында көз жұмды”: Қазақстандық әйелдер ер адамдардың вазэктомия жасатуын талап етіп жатыр