Илья Ильин жаңа салаға бет бұрды
Қазақстандық танымал спортшы Илья Ильин Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі атанды.
“Бұл мен үшін жаңа жол, жаңа арна және жауапкершілік. Бұл менің жаңа мансабымның бастамасы деп ойлаймын. Мен өз тәжірибемді, қарым-қабілетімді жақсы бағытқа қарай жұмсаймын деп үміттенемін. Болашақта еліме тек спорттық жағынан емес, қоғамдық тұрғыдан да пайда әкелемін деп ойлаймын”, – деп жазды спортшы инстаграмдағы парақшасында.
Аса ірі допинг дауының ортасында қалған Илья қазіргі таңда Алматы менеджмент университетінде білім алып жатыр. Ол өзін болашақта кәсіпкерлік саладан көргісі келетін сияқты.
Илья Ильин бұған дейін де министрліктегі жаңа қызметінен кеткен болатын. Сондай-ақ, спортшы Пекин мен Лондон олимпиадасындағы алтын жүлделерін де қайтарып беруге әзір екенін айтты.
Еске сала кетсек, кеше 23 қараша күні қазақстандық ауыр атлет Ильия Ильиннің 2008 және 2012 жылғы олимпиада ойындарында алған алтын жүлдесін кері қайтарған еді. Кейіннен Илья Ильин енді кәсіби мансабын аяқтайтынын хабарлап, баспасөз жиынын өткізді.
Оқи отырыңыз:
Алғашқы жекпе-жегінде көз жұмған боксшы жүрек доноры атанды
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа құрамы жарияланды
Жәнібек Әлімханұлы Жармановты екі рет нокдаунға түсіріп чемпион атанды
Аршавин марапаттау рәсімінен соң Қазақстан кубогы финалисі медалін лақтырып жіберді