Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Илон Маск Қазақстанға мемлекеттік бюджетті оңтайландыруда көмек ұсынды

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Илон Масктың Қазақстанға мемлекеттік бюджетті оңтайландыруға көмек ұсынғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Theo Wargo/WireImage/Getty Images

Министр әлеуметтік бюджетті қысқарту өте қиын екенін алға тартты.

"Жасырмаймын, маған Трамп әкімшілігі жүргізіп жатқан жұмысты орындау идеясымен Илон Маск мырза байланысқа шықты. Онда оңтайландыру бөлімі бар. Ол өз қызметтерін ұсынып, идеясы бар екенін айтты. Мен оған "Егер сіз қысқартуға болатын нәрселерді көріп тұрсаңыз келіңіз, бірге жұмыс істейік, жұмыс тобын құрайық” дедім. Дегенмен әлеуметтік бюджетті қысқарту өте қиын. Әлеуметтік бюджет – бұл көп балалы аналар, балалар мен қарттар, зейнеткерлердің жағдайы. Еліміз әлеуметтік мемлекет. Сондықтан бюджеттің басқа түрлерін көруді айттым. Біз бюджетті қысқартуға қарсы емеспіз. Тек ол ақылға қонымды болса және қарапайым адамға кесірі тимесе", - деді Жұманғарин.

Премьер-министрдің орынбасарының айтуынша, жаңа Салық кодексінде, оның ішінде ірі бизнес үшін де жеңілдіктер айтарлықтай қысқартылатын болады.



"Бізде 650 түрлі жеңілдіктер болған. Ал қазір бұл жобада 128-і бар. Әлі де тиімді еместерін қысқартамыз", - деп ол.

Жұманғарин 2025 жылдың бюджеті бастапқыда 32 триллион теңге болғанын айтты. Ал қазір ол 25,7 триллион теңге.

"Бюджетті бекіту кезеңінде 6 триллион теңге қысқартылды. Біз әкімшілік бюджеттік бағдарламалар арқылы 400 миллиард теңге үнемдедік. Қазір әлеуметтік блокты толығымен талдап жатырмыз. Себебі әлеуметтік шығындар тек республикалық бюджет бойынша 37,5%, ал республикалық және жергілікті бюджет бойынша 50%", - деді Жұманғарин.

Талқылау