Илон Маск әлемдегі алғашқы триллионер атауын мүмкін: Бірақ мұның салдарынан көпшілігі қорқып отыр

Фото: pixabay.com
Илон Маск әлемдегі алғашқы триллионер атануы мүмкін. Бұл оған шынымен қол жеткізе ала ма белгісіз. Бірақ көпшілігі мұндай мүмкіндіктің салдарына қазірдің өзінде алаңдап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі DW басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
6 қарашада Tesla акционерлері бас директорына 1 триллион доллар көлеміндегі өтемақы пакетін төлеу туралы шешімді бекітті. Оны алу үшін Илон Маск алдағы 10 жыл ішінде ғылыми-фантастикаға тән бірнеше KPI көрсеткіштерін орындауы тиіс. Олардың қатарында – жыл сайын коммерциялық пайдалануға бір миллион роботакси енгізу және жасанды интеллект басқаратын Optimus атты бір миллион гуманоид робот шығару бар. Сондай-ақ Tesla-ның нарықтық капиталы қазіргі 1,43 триллионнан 8,5 триллион долларға дейін өсуі қажет.
Алайда АҚШ-тағы ең ірі институционалдық инвесторлардың бірі – мемлекеттік зейнетақы қоры CalPERS – Маскке осындай рекордтық өтемақы беру шешіміне қарсы болды. CalPERS мәліметінше, егер барлық шарттар орындалса, Масктың Tesla-дағы үлесі 13%-дан 25% дейін өседі. Сыншылардың айтуынша, бұл жағдай миллиардерге компания ішіндегі кез келген қарсылықты басуға және оның дамуын бақылаусыз бағыттауға мүмкіндік береді.
"Жеке адамдардың билігі тұтас мемлекеттерден де күштірек бола бастағанда — қауіпсіздікке байланысты өте үлкен проблема туындайды", – деді Берлиндегі Hertie басқару мектебінің этика және технологиялар профессоры Джоанна Брайсон DW-ге берген сұхбатында
Ол 1929 жылғы АҚШ-тағы қор нарығының күйреуін мысалға келтірді, сол кезде әлемдегі теңсіздік қазіргі деңгейге жуық болған. Профессордың сөзінше, "бір адамға шамадан тыс көп ақша әкелетін кез келген нәрсе хаос тудырады".
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді