Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Илон Маск алдағы онжылдықта Ай мен Марста қалалар салатынын айтты

Фото: pixabay.com

Америкалық кәсіпкер Илон Маск алдағы онжылдықта SpaceX компаниясы Ай мен Марста қалалар салатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Маск алдымен Айға басмдық берілетінін жеткізді. 

"Білмейтіндер үшін айтайын. SpaceX енді Айда өзін-өзі дамытатын қала салуға басымдық берді. Біз оны он жылда жасай аламыз", – деп жазды Маск X әлеуметтік желісінде.

Маск Марсқа тек Жер мен басқа планеталардың дұрыс орналасқан кезеңінде әр 26 ай сайын ұшуға болатынын жеткізді. Жол шамамен алты айға созылады.

Ал Айға ракеталарды әр он күн сайын ұшыруға болады. Жол тек екі күн уақытты алады.

"Бұл Айдағы қаланы Марстағыдан әлдеқайда жылдам салуға болатынын білдіреді", – деді SpaceX басшысы.



Кәсіпкер компанияның басты миссиясы өзгермейтінін атап өтті. Ол – адамзат санасы мен өмірін Жерден тыс жерлерге, тіпті басқа планета мен жұлдыздарға дейін жеткізу.

Сонымен қатар, SpaceX Марсты игеру жоспарынан бас тартпайды. Масктың сөзінше, Марста қала салуды компания шамамен 5–7 жылдан кейін бастамақ. Марс қаласын салуға 20 жылдан астам уақыт қажет болады. 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 09 Ақпан, 2026 12:38