Илия Топурия октагонға қайта оралатынын мәлімдеді
Фото: UFC
Илия Топурия октагонға қашан оралатынын жариялады: келесі жекпе-жек 2026 жылдың қаңтарында өтеді деп күтілуде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Грузин текті испаниялық UFC чемпионы Илия Топурия өзінің жақын уақытта октагонға қайта шығатынын хабарлады. Жеңіл салмақтағы әлем чемпионы әлеуметтік желідегі парақшасында: "Патша оралды. Ешкім қауіпсіз емес. Кезекке тұрыңдар. Билік жалғасуда", – деп жазды.
MMA Mania басылымының мәліметінше, Топурия келесі жекпе-жегін 2026 жылдың қаңтар айында өткізеді деп жоспарланып отыр. Ол UFC ұйымының Paramount+ платформасындағы дебюттік шоуының басты жекпе-жегіне айналуы мүмкін.
Еске салайық, 2025 жылдың 28 маусымында Илия Топурия UFC-дің жеңіл салмақ дәрежесіндегі чемпионы атанды. Ол UFC 317 турнирінде бұрынғы чемпион Чарльз Оливейраны бірінші раундта нокаутпен жеңген болатын. Бұған дейін Топурия жартылай жеңіл салмақта чемпиондық белбеуге ие болған, кейінірек ауырлау санатқа өту үшін титулынан бас тартқан.
Қазіргі таңда Топурияның кәсіби көрсеткіші – 17 жеңіс және бірде-бір жеңіліс жоқ.
Боец beIN Sports-қа берген сұхбатында: "Келесі жекпе-жек туралы нақты мәліметті әзірге айта алмаймын, бірақ октагонға жақын уақытта ораламын деп үміттенемін", – деді.

Данна Қарағұсова кім: Ол ғарышқа ұшу үшін қанша төлейді
