Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ильхам Әлиев Әзірбайжанның Кеңес одағының құрамына кіруін "оккупация" деп атады

Фото: president.az

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Әзірбайжанның Кеңес одағының (КСРО) құрамына кіруі "басып кіру" мен "оккупацияның" нәтижесінде болды деп мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Azertag.az басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бұл туралы ол Al Arabiya телеарнасына берген сұхбатында айтты. Әлиев Зангезур дәлізі жобасын іске асыру жоспары туралы сұраққа жауап бере отырып, “Әзірбайжанның қалай екіге бөлінгенін” айтып берді. 

"1917 жылы Ресей империясының ыдырауынан кейін Әзірбайжан Демократиялық Республикасынің негізі қаланды. Бұл мұсылман әлеміндегі алғашқы демократиялық республика болып, 1918 жылдың мамырында құрылды. Ол 1920 жылғы сәуірге дейін өмір сүрді, кейін ресейлік әскер Әзербайжанға басып кіріп, елді оккупациялады. 1917 жылғы революцияны жасаған большевиктер халықты алдады. Біз өз мемлекетімізді құрған едік. Бірақ большевиктер оны бізден тартып алды”, – деді Әлиев. 

Әзірбайжан президенті кеңес билігін Әзірбайжанның жерін тартып алып, Арменияға берді деп айыптады. 

“1920 жылғы сәуірде Ресей әскері Әзірбайжанға басып кіріп, оккупациялады. Сол жылдың қарашасында, бірнеше ай өткен соң, Кеңес үкіметі Әзірбайжаннан Зангезурды алып, Арменияға беру туралы шешім қабылдады. Осылайша Әзірбайжан екіге бөлінді – негізгі бөлігі мен Нахчыван, ал олардың аралығында Батыс Зангезур орналасқан. Кеңес дәуірінде бұл мәселе болған жоқ, себебі шекаралар мен соғыс болмады. Адамдар негізгі бөлік пен Нахчывана арасында жеңіл көліктермен немесе теміржол арқылы жүре алатын. Алайда, Армения Әзірбайжанға агрессия жасағаннан кейін, олар осы байланыс жолын қиып тастады. Бүгінде Нахчыванға жету үшін бізге ұшақпен ұшу немесе автобуспен, көлікпен Иран арқылы өту, тіпті одан да ұзақ жол жасап, Грузия мен Түркия арқылы жүру қажет. Бұл көптеген қолайсыздықтар мен мәселелер туғызады", – деді Әлиев. 

Әзірбайжан президенті Ресейді сотқа беру үшін барлық құжатты дайындап жатқанын мәлімдеді

Әзірбайжан "Орынбор" атауын қазақша атауды талап етті


Зангезур дәлігі – Әзірбайжанның батыс аймақтары мен оның эксклавы Нахчыван Автономиялық Республикасы арасындағы байланыс үшін Арменияның Сюник облысы арқылы логистикалық маршрут құру жобасы. 

Айта кетейік, бұған дейін 1940 жылы КСРО құрамына кірген Балтық елдерінің басшылары да Кеңес одағының әрекеттерін "оккупация" деп бағалаған еді. Ал Ресей билігі республикалардың КСРО құрамына кіруі "оккупация" нәтижесінде болды деген пікірмен келіспейтінін мәлімдеген. 

Еске салсақ, бұған дейін Армения мен Әзірбайжан АҚШ-та өзара соғыс қимылдарын тоқтату жөнінде бірлескен декларацияға қол қойып, Зангезур дәлізі төңірегіндегі ұзақ жылғы дауды шешткен еді. Келісім нәтижесінде Зангезур дәлізі ашылып, “Трамп бағыты" деп аталатын болды.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 28 Тамыз, 2025 21:18
Талқылау