Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ІІМ желідегі видеода қызды ұрып-соққан қылмыскерлерді іздестіруде (видео)

ҚР ішкі істер министрлігінде бойжеткенді ұрып-соққан видеоға түсініктеме берілді. Аталған факті ақпаратты тіркеу кітабында тіркелді.

Елді дүрліктірген бейнежазба Instagram желісіндегі еap_kz парақшасында жарияланған еді.

Видеоның сипаттамасында: «Автор көмектессе болар еді, алайда ол жерде нақты не болғанын ешкім білмейді», – деп жазылған.

Видеоға қарасақ, оқыс оқиғаның тұрғын үйлер арасында болғанын байқауға болады. Бойжеткенді белгісіз ер адам ұстап тұр. Қарақшылардың құрбанына айналған қыз көмекке шақырғанымен, мұнысынан ештеңе шықпайды. Себебі ер адам бір қолымен оның аузын бүркеп тұрды. Одан кейін қыздың бетінен ұрған ер адам оның сөмкесін алып қашып кетеді. Видеоға сәйкес, бойжеткен есін жоғалтып алған ұқсайды. Арада біраз уақыт өткеннен кейін әлгі ер адам қайта оралады. Бұл жолы оның жанында тағы бір қарақшы пайда болған. Екеуі қызды орнынан тұрғызуға тырысып, оны әрі-бері лақтырады. Оқиғаның әрі қарай немен өрбігені белгісіз. Себебі дәл осы жерден видео үзіледі.

 

Жіберіп алмаңыз: 

Әскер мерзімін ұзартуға қатысты Қорғаныс министрі мәлімдемесін айтты

Ақтөбеде төрт оқушы мектеп мұғалімін сабап тастады

Мемлекеттік қызметте «13-жалақы» мен мерекелік сыйақыларды алып тастайды

Желіде қызын аяусыз ұрып-соғатын әйелдің тағы бір видеосы пайда болды

Талқылау