ІІМ: Шаршаңқы күйде рөлге отыру – жол апатының ең қауіпті себептерінің бірі

Фото: Pixabay.com
Ішкі істер министрлігі көлік жүргізу кезінде жылдамдықты арттыру немесе шаршаңқы күйде көлік жүргізу адам өмірін қиюы мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қала сыртындағы әрбір үшінші жол апаты жылдамдықты шамадан тыс арттырумен байланысты. Барлық жазатайым оқиғаның 60%-ы соқтығысудан болған.
“Жүргізушінің шаршауы да қауіпті. Ұйқының дұрыс болмауы және шамадан тыс жұмыс істеу зейінді төмендетеді, қырағылықты бәсеңдетеді. Бұл күйде жүргізуші апатты тудыратын кенеттен болған жағдайға әрекет жасап үлгермеуі мүмкін” – деп мәлімдеді ІІМ.
Ішкі істер министрлігі әрбір сапар тек техникалық емес, жүргізушінің физикалық дайындығын да талап етеді дейді.
“Көлік жүргізу кезінде сіз өзіңіз үшін ғана емес, басқа да жол қозғалысы қатысушылары үшін де жауаптысыз. Жауапкершілік, өзін-өзі тәрбиелеу және ережелерді құрметтеу жол қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастырады”, – делінген хабарламада.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген