Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ІІМ мен бас прокуратура медицина қызметкерлерін қорғайтын заңды неге қолдамады – Денсаулық сақтау вице-министрі түсіндірді

Сенат отырысынан кейінгі брифингте денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев неліктен құқық қорғау органдары медицина қызметкерлерінің денсаулығына зиян келтіргені үшін жауапкершілікті күшейтуге қарсы болды, деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Сенат кулуары

Ол бұл ұсыныс депутаттар мен денсаулық сақтау министрлігінің бірлескен бастамасы екенін еске салды.

"Денсаулық сақтау министрлігі қылмыстық заңнама шеңберінде дәрігерлердің мәртебесін құқық қорғау органдарының мәртебесіне теңестіру нормасын қолдады. Бірақ ішкі істер министрлігі, бас прокуратура, әділет министрлігі және Жоғарғы сот бұл нормаға қарсы болды. Олар жалпыға ортақ нормалар бар екенін, барлық қызметкер өзінің азаматтық және кәсіби қызметтерін орындау кезінде жалпы нормалар бойынша қорғалғанын айтты", – деді Тимур Сұлтанғазиев.

Алайда денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлеріне, жедел жәрдем жүргізушілеріне, сондай-ақ қабылдау бөлмелерінің қызметкерлеріне шабуыл жасау жағдайлары көбеюіне байланысты бұл ұстанымды құптамайды. Ведомство бұл норманы депутаттармен бірлесіп қайта ұсынады.

Айта кетейік, кеше мәжіліс отырысында Асхат Аймағамбетов медицина қызметкерлеріне қатысты заң қолдау таппағанына ашуланған еді. 

Талқылау