Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ІІМ: атысты ұйымдастырған 3 адам өлтірілді, өзгелері қашып үлгерді

ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев Ақтөбедегі атысқа байланысты ресми мәлімдеме жасады.

ifZAzKBS3TU

“Ақтөбе облыстық ІІД-не белгісіз біреулердің “Паллада” қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасағаны туралы ақпарат түсті. Сондай-ақ, Ұлттық гвардия орналасқан әскери бөлімдегі қару дүкеніне де шабуыл жасалғаны белгілі болды. Шабуыл кезінде “Паллада” дүкенінің сатушысы өлтіріліп, бір адам жараланған. Ал әскери бөлімде атыстан бір офицер мен бір келісім-шартпен жұмыс істейтін әскери көз жұмды. Үш әскери жараланған”, – деді Сәдубаев.

ІІМ мәліметінше, қазір бірқатар күдіктілер ұсталса, бірқатары із суытып үлгерген.

Қала толыққанды бақылауға алынған. Бесінші ықшам аудандағы жол қозғалысы тоқтатылды. Төтенше жағдай орынында жедел жәрдем бригадалары мен құқық қорғау органдары жұмыс жасауда.

Атыс кезінде 6 адам қаза тауып, 11-і жарақаттанған. Қазір қалада әкімшілік-аумақтық жабық режим орнатылды.

Бұған дейін Ақтөбенің үш жерінде атыс болып, автобустың басып алынғаны туралы хабарлаған едік.

Талқылау