Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ІІМ: Астана әуежайын су басып кету қаупі бар

Су қоймасындағы су мөлшері шамадан тыс көбеюіне байланысты Астана әуежайын су басып кету қаупі бар. Астана контррегуляторының қорғаныс дамбасында ең жоғарғы көрсеткіш – 260 миллион метр куб су жиналған.

Бұл туралы ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Вице-министрдің айтуынша, елді мекендерде су қоймаларындағы су деңгейінің артуына нысандар мен инфрақұрылым жүйесі жетілікті дайын емес.

2017 жылдың көктемінде Вячеслав су қоймасындағы асып-тасыған суды Астана контррегуляторының қорғаныс дамбасы жинақтаған екен, бірақ бұл контррегулятор тарихындағы ең жоғарғы көрсеткіш болыпты – 260 миллион метр куб су.

Ильиннің сөзіне сүйенсек, су деңгейі аз ғана көтерілгеннің өзінде саяжай массивтері мен президент резиденциясы төңірегінде су алып кету жайттары тіркелген.

“Ақмола облысы бойынша елорда аумағынан төменірек Есіл арнасын кеңейту бойынша тиісті шаралар атқарылып жатқанымен, Майбалық өзені аумағында елорда әуежайы маңайын су алып кету қаупі бар. Сол себепті суды бөгеу үшін арнайы құрылыс салу бойынша шаралар орындалуы керек”, — деді Ильин.

Тағы оқыңыз:

Атырауда салмағы небәрі 25 келі болатын 28 жастағы келіншек халықтан көмек сұрады

Енесіне алғыс айтқан келіні жұртты сүйсінтті (видео)

Мадина: Осы оқиғадан кейін есіме түскен кісілердің бәріне хабарласып, кешірім сұрадым

Алматы облысының тұрғыны күйеуі 70 жасқа толғанда бесінші тоқал алып бермек

 

Талқылау