Ішкі істер министрлігінің қызметкерлеріне 150 мың теңгеден төленеді
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев арнайы бөлімшелер қызметкерлерінің жалақысын ұлғайту жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ол, ең алдымен арнайы бөлімшелердің материалдық-техникалық базасын нығайту жоспарда бар екенін мәлімдеді.
Айтуынша, материалдық базаны нығайту үшін үкімет резервінен қаржы бөлінген.
Сондай-ақ жеке құрамның әскери рухын көтеру бойынша отанды сүюге, қызметтік міндетке адал болуға тәрбиелеу бойынша іс-шаралар жоспары бар. Қиындыққа шыдау, төзімділік бойынша арнайы тренигтер ұйымдастырылды.
"Ынталандыру, қызметкерлердің еңбегін бағалау тұрақты жүзеге асырылады. Мысалы, төтенше жағдай кезінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз еткен қызметкерлерге 150 мың теңге, ал курсанттар мен әскерилерге бағалы сыйлықтар берілді. Жалпы, жеке құрам қауіпсіздікті қамтамасыз етуге толық дайын", – деді министр.
Бұдан бөлек, ІІМ барлық күш органының арнайы бөлімшелерінде істейтін қызметкерлердің жалақысын ұлғайтуды жоспарлап отыр.