"Иығы сынып, құлағанда да қайтпады": Жұлдыз Әбдікәрімова ұлының ат спортынан жеңіске жеткенін хабарлады
Отандық киножұлдыз, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова ортаншы ұлы Нарұлдың жетістігін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/
Актрисаның айтуынша, ұлы ат спортына қатты қызығатын болған.
“Баласы бәйгеге шапса, анасы тақымын қысады” демей ме?! Шабандозыма сәттілік тілеймін! Жанкүйерлердің орындығында емес, ат үстінде отырғандай қобалжып отырмын. Қаны – қазақ. Иығы сынып, гипсте жүргенде де қайтпады. Атқа отырмаса да, атының астын тазалап, жем-суын беріп жүрді”, – деді актриса.
Көп ұзамай өнер иесі ұлының жеңіске жеткенін жазып, сүйінші сұрады.
“Құттықтауларға рақмет! Болашаққа деген көңілдеріңізден айналдым. “Жеңіске деген ұмтылысы үшін” деген мақтау қағазымен марапатталып, жеңіс тұғырынан көрінді”, – деп жазды киножұлдызы.
Айта кетейік, өнер иесі үлкен қызының Корей елінде оқығысы келетінін жасырмаған еді.