II Елизаветаның ұлы Эпштейн жанжалына байланысты Виндзор сарайынан қуылды

Ұлыбритания королі Чарльздің кіші інісі Эндрю Маунтбаттен Виндзордағы сарайынан көшіп кетті. Оның өз үйін тастап кетуіне жыныстық қылмыс жасағаны үшін сотталған Джеффри Эпштейнмен байланысы себеп болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Эндрю Маунтбаттен-Виндзор Royal Lodge резиденциясында көп жылдан бері тұрып келеді. Алайда ол 2 ақпан күні түнде жасырын түрде Англияның шығысындағы Норфолк графтығында орналасқан Сандрингем иелігіндегі шағын коттеджге көшіп кетті.
65 жастағы Маунтбаттен-Виндзор 30 бөлмелі георгиан стиліндегі зәулім үйде бұдан да ұзақ тұруды қалаған еді. Десе де оның Эпштейнмен байланысы корольдік әулеттің беделіне нұқсан келтірді.
Виндзордағы сәнді серуендер аяқталды
Король әулетінің мүшесі Эндрю Маунтбаттен-Виндзор Эпштейнге қатысты қандай да бір заң бұзушылыққа қатысы барын үнемі жоққа шығарып келеді. Алайда АҚШ Әділет министрлігі жариялаған соңғы материалдардан кейін Темза полициясы Эндрюге қатысты жаңа айыптауларды тексеріп жатқанын мәлімдеді.
Бұрынғы ханзаданың Норфолкке көшкенін король әулетіне жақын дереккөз растады. Оның айтуынша, қазір болып жатқан дүрбелең аяқталған соң Эндрю Виндзорға қайта оралуы мүмкін.
Майкл Джексонның оққағары оның Эпштейнмен түскен суретінің мән-жайын түсіндірді
2026 жылға арналған Ораза кестесі жарияланды
“Эпштейн ісіне қатысты құжаттар жарияланған соң, ол кететін уақыты келгенін түсінді. Ол үшін дәл осылай көшу қорлықпен тең болды. Сондықтан ол түнде кетуді жөн көрді”, – делінген The Sun басылымында.
Марқұм патшайым Елизавета II-нің екінші ұлы Маунтбаттен-Виндзор 2019 жылы барлық ресми корольдік міндеттерінен шеттетіліп, қоғамдық өмірден аластатылған еді.
Үш жылдан кейін ол Вирджиния Джуффре берген талап-арызды бітіммен аяқтады. Джуффре Эндрю ханзаданы жасөспірім кезінде өзіне жыныстық зорлық көрсетті деп айыптаған. Эндрю бұл айыптауларды жоққа шығарғанымен, былтыр Джуффре қаза болғаннан кейін жарияланған естеліктерден соң бұл іс қайтадан қоғам назарын аударды.
Былтыр АҚШ-та Эпштейнге қатысты қосымша құжаттар жарияланған соң король Чарльз Эндрюге қатысты қатаң шешім қабылдады. Ол қазан айында Эндрюді ханзада атағынан айырып, оны Royal Lodge резиденциясынан шығаратынын мәлімдеді.
Полиция Эпштейн ісіне қатысты тергеу жүргізіп жатыр
Эпштейнге қатысты миллиондаған құжат жарияланған соң, Ұлыбритания полициясы тергеу бастады. Олар АҚШ-тағы Ұлыбританияның бұрынғы елшісі Питер Манделсонды да тексеріп жатыр. Себебі ол Эпштейнге құпия ақпарат берген болуы мүмкін деген күдік бар. Жарияланған хаттарда Эндрю ханзаданың Эпштейн сотталған соң да онымен екі жылдан аса уақыт байланыста болғаны көрсетілген.
Ал Эндрю бұған дейін 2008 жылдан кейін Эпштейнмен араласпағанын айтқан еді. Тек 2010 жылы Нью-Йоркке барып, “қарым-қатынасты үземін” деп айтқа екен. Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер жаңа деректер шыққан соң “Эндрю АҚШ Конгресіне барып, куәлік беруі керек” деді.
Айта кетейік, бұған дейін 2025 жылы қазан айында Ұлыбритания королі Чарльз ІІІ-тің кіші інісі, ханзада Эндрю барлық атағынан айырылып, Виндзор қамалындағы пәтерінен кететін болғаны жазылған еді.
Қазақстандық қария 67 жылдан кейін бауырымен қауышты: Олар бір-бірін TikTok арқылы тапқан