"Ыдыс таза емес, еті біртүрлі": Блогер Азамат Айталиев Димаштың мейрамханасын сынады
Фото: https://www.instagram.com/kudaibergenov.dimash
Блогер Азамат Айталиев Димаш Құдайбергеннің қазақы стильдегі мейрамханасы "Дайдидауды" сынап тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Блогер Tiktok желісінде видео жариялап, елордаға келген сайын Димаш Құдайбергеннің мейрамханасына келетінін айтты.
“Ұрыс-керіс! Димаштың Астанадағы мейрамханасы “Дайдидауда” айғай-шу”, – деп жазды ол желідегі парақшасында.
Оның сөзінше, мейрамханада тапсырыс берген тағамы мәзірдегідей болмаған. Оған қоса, даяшының әкелген тәрелкелері де таза емесін де жазды.
“Бұл менің сүйікті мейрамханам, ал сіз маған лас тәрелке әкеліп тұрсыз. Тағамның түрі мәзірдегі суреттегідей болуы керек емес пе? Қараңызшы, суретте қандай әдемі, ал маған әкелген тағамыңыз қандай. Бешбармақтың қамыры өте дәмді, сөзім жоқ, бірақ еті өте құрғақ. Бұл мұндай мейрамхана үшін үлкен минус. Ал қазы өте салқын, тоңазытқыштан алып, бере салғандай”, – дейді блогер видеода.
Фото: Видеодан скриншот
Азамат Айталиевтің бұл видеосы желіде көп пікір жинады. Көпшілік оның бұл кірпияздығын теріс қабылдаған.
“Сізге бірнәрсе ұнай ма өзі?”, “Қазаққа жаудың керегі жоқ, бұған дейін қазы майлы деп едіңіз”, “Сонымен құрғақ па, жоқ па? Сол күйі түсінбедім. Егер ұнамаса, басқа жаққа барып тамақтаныңыз”, – деп жазған олар.
Айта кетейік, бұған дейін Димаш Испаниядағы концертінде жанкүйерінің арманын орындағаны хабарланған болатын.
Заманбек Нұрқаділовтің қаза болғанына 20 жыл: Саясаткердің өзі мен өлімі туралы не белгілі