Допинг дауынан кейін Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық титулынан айырылды

Жәнібек Әлімханұлы International Boxing Federation (IBF) нұсқасы бойынша чемпиондық белбеуінен айырылды.
IBF ұйымының ережесіне сәйкес, Жәнібек чемпиондық атағын 9 айдың ішінде міндетті түрде қорғауы тиіс.
Әлімханұлы бұл шарт бойынша титулын 2026 жылғы 4 шілдеге дейін қорғауы керек еді.
Алайда бір жылға спорттан шеттетілгеніне байланысты ол чемпиондық титулынан айырылды.
- Жәнібек Әлімханұлының ағзасына тыйым салынған зат қалай түскені анықталды
- Допинг дауынан кейін Жәнібек Әлімханұлы бір жылға бокстан шеттелді
Сондай-ақ IBF ұйымы да қазақстандық боксшыны 2026 жылдың 2 желтоқсанына дейін жарыстардан шеттетті. Енді Жәнібек Әлімханұлының құзырында тек WBO нұсқасы бойынша чемпиондық белбеу ғана қалды.
WBO ережесіне сәйкес, Жәнібек Әлімханұлы шеттету аяқталған кейін бірдег уақытша чемпионмен жекпе-жек өткізуге міндетті.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы 2025 жылы желтоқсан айында WBA чемпионы Эрисланди Ларамен үш чемпиондық белбеуді біріктіру жекпе-жегіне шығуға тиіс болған.
Алайда VADA жүргізген допинг-сынамада мельдоний анықталғандықтан, айқас өтпей қалды.
Кейін Әлімханұлының командасы спортшы допинг қолданбағанын айтып, екінші сынама тапсырды. Бірақ “B” сынамасында да ағзасында допинг бар екені расталды.
Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы допинг дауынан кейін де чемпиондық атағын сақтап қалғаны туралы жазған едік.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан