"Иә, менің ұлым": Дәулет Тұрлыханов Алматыдағы төбелеске қатысты пікір білдірді
Еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дәулет Тұрлыханов Алматыда ұлының қатысуымен болған төбелеске қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Жаттықтырушы болған оқиғаны және онда ұлының қатысқанын растады.
"Иә, менің ұлым. Ол кәмелетке толған. Барлық әрекеттеріне өзі жауап береді. Шешімді құқық қорғау органдары қабылдайды", – деді Дәулет Тұрлыханов.
Еске салсақ, Танымал қазақстандық спортшы Дәулет Тұрлыхановтың ұлының үстінен адвокаттардың шағымы бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Онда жігіттің қызға қол көтеріп жатқанда араша болған адвокаттарға да шабуыл жасағаны белгілі болды.
Кейін Нұрасыл есімді бұл жігіттің елге сыйлы спортшы Дәулет Тұрлыхановтың ұлы екені анықталған.
25 мың теңгелік автотұрақ: Көк Төбеде туристер есебінен кім табыс тауып отыр?
Парктің әкімшілік басшысы Фархат Уәлиев парк жұмысына қатысты сын негізсіз екенін айтады
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"